«Жезқазған қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы,жолаушылар көлігі мен автокөлік жолдары бөлімі» ММ
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Главная ЖКХ

Әкімнің өмірбаяны

Опубликовано: 25 марта 2010 . Обновлено: 22 июня 2018

Бегимов Қайрат Баяндыұлы 1968 жылдың 23 ақпанында Қарағанды қаласында дүниеге келді.  
Екі жоғары білімі бар,  1992 жылы Қарағанды политехникалық институтын, 2004 жылы Алматы экономика және статистика академиясын тәмамдады. Мамандығы бойынша өндірістік көлік инженері, персоналды басқару, экономист. 
Еңбек жолын «Қарағандыкөмір» бірлестігінің тұрғын-үйді жекешелендіру бойынша бөлім басшысы ретінде бастады. 
90 жылдардың соңында Қайрат Бегимов Қарағандының аудандарының бірінде тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын басқарған.  Октябрь ауданының әкімі, Қарағанды қаласы әкімінің коммуналдық мәселелер бойынша орынбасары, облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары лауазымында жұмыс атқарған. 2015 жылдың шілде айынан бастап облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы болған. 2018 жылдың 22 маусымын бастап Жезқазған қаласының әкімі болып тағайындалды.

Үйленген. 4 баласы бар.