«Жезқазған қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы,жолаушылар көлігі мен автокөлік жолдары бөлімі» ММ
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Главная Ақпарат
Опубликовано: 16 февраля 2010

Қымбатты жезқазғандықтар!

 Өздеріңізге белгілі үстіміздегі жылдың 29 қаңтарында   Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауы  жарияланды. Бұл Жолдау барлық қазақстандықтардың, соның ішінде біздің қалалықтардың да зор ықыласын, үміт пен сенімділікті, іс-әрекет жасауға деген құлшынысы мен ынтасын   оятты. Басты стратегиялық құжат ретінде Елбасы Жолдауы  - халықтың болашаққа деген сенімін нығайтып, елді бірлікке, ынтымаққа, екпінді еңбек етуге шақырды. Ең бастысы, бұл Жолдауда дағдарыс салдарын еңсеру және болашақтағы тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз етудің бағдары нақтыланды. Мемлекет басшысы республиканың жалпы ішкі өнімін арттыру, еңбек өнімділігін көтеру, индустриалдық – инновациялық өрлеуді қамтамасыз ету міндеттерін қойды. Жолдауда елдің ең басты байлығы – адам екендігі баса айтылды. Осыған орай білім беру, денсаулық сақтау, өмір сапасын жақсарту, әлеуметтік қорғауды одан әрі жетілдіру талап етілген.
   Елімізде, оның ішінде Жезқазған қаласындағы игі жұмыстардың барлығы да Президент қойған міндеттерді орындау кезінде жүзеге асуда. Оны Сіздер жақсы білесіздер. Дағдарыстан даму жолына түсуде көп табысқа жеттік. Әрине,  толайым табысқа жеткеніміз, ол саяси тұрақтылыққа, халықтар қолдауына ие болудың арқасы.
   Қазақстан жаңа жылда жаңа тарихқа қадам басты.
Біздің ел Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төраға болуымыз - барша қазақстандықтар үшін зор мәртебе. Бұл - әлемдік деңгейдегі абырой деп санаймыз. Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде біздің жетістігімізді мойындай отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымы 2009 жылғы баяндамасында Қазақстанды адам әлеуетінің жоғары деңгейлі елдердің қатарына қосты, - деді. Бұл - біздің әл-ауқатымыздың артқанын көрсетеді.
Ішкі тұрақтылық пен ынтымақты сақтау он жылғы белгіленіп отырған міндеттерді орындаудың алғы шарты болып табылады.
Елімізде өмір сүріп жатқан ұлт пен ұлыстардың береке – бірлігі, діндер сыйластығы бақытты өмір өзегі екені айқын.

Құрметті жерлестер!

2010 жыл барша қазақстандықтар үшін маңызды жыл екені баршаңызға мәлім. Ендігі кезде біздің міндетіміз, Жолдауда көрініс тапқан стратегиялық идеяларды идеологиялық тұрғыда сапалы және жүйелі түрде жүргізуді қамтамасыз ету және оны барша халыққа жеткізу.
       Жолдауда айтылған ойлар мен көтерілген бастамалар әрбір жезқазғандықтардың  жүрегіне жетеді деп сенемін!

В данном разделе так же содержатся материалы