«Жезқазған қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы,жолаушылар көлігі мен автокөлік жолдары бөлімі» ММ
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Главная Ақпарат Мемлекеттік мекемесінің ережесi
Опубликовано: 17 февраля 2010
«Жезқазған қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ


  
   1. Жалпы қағидалар
  
   1. «Мекеме» деп әрі қарай аталатын «Жезқазған қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» мемекеттік ұйымы біртұтас мемлекеттік саясатты жүргізетін Жезқазған қаласы аумағында тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі мен автокөлік жолдары жұмысын үйлестіру бойынша бюджеттік бағдарламаны өндеп, қадағалауды жүзеге асыратын, мемлекеттік мекеме болып табылады.
   2. Мекеме өз құзметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Президент және Қазақстан Республикасының Үкіметі актілеріне, басқа да құқықтық-нормативтік актілерге, сонымен қатар осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
   3. Мекеме заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде атауы бар, өз мөрі мен мөртаңбасы, заңнамаларға сәйкес банктерде өз есеп шоты бар.
   4. Мекеме өз атынан азаматтық-құқықтық қарым қатынасқа түсе алады.
   Мекеме заңдарға сәйкес өкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қарым-қатынастарда бір жағы болып қатынаса алады.
   5. Мекеме заңдармен белгіленген тәртіп бойынша өз құзырының шегінде сол аумаққа міндетті күші бар эдістемелік ұсыныстар шығара алады.
   6. Мекеменің құрылымы мен штат санының шегін жергілікті атқарушы ұйым (әкімият) бекітеді.
   7. Мекеменің мекен-жайы: 100602, Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, Алаш алаңы, 1 үй.
   8. Мекеменің атауы әкімияттың оны құру туралы Қаулысымен анықталған. Заңды тұлғаның толық атауы: «Жезқазған қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» мемекеттік мекемесі.
   9. Мекеменің құрылтайшысы болып Жезқазған қаласының әкімі өкілдігімен мемлекеттік болып табылады.
   Мекеменің құрылтайлық құжаттары болып Әкімияттың Қаулысы және осы Ереже болып табылады.
  
   2. Мекеменің негізгі міндеттері мен функциялары
  
   10. Мекеме мынадай функциялар атқарады:
   - бюджеттен қаржыландырылатын тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары мәселелері бойынша жұмысқа және қызмет көрсетуге қажетті жиынтық номенклатурасын құру;
   - мемлекеттік сатып алу жұмыстары мен қызмет көрсету жөнінде конкурстар ұйымдастыруп өткізу;
   - жұмыстарды ұйымдастыру және бекітілген келісім шарттардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
   - бюджеттен қаржыландырылған орындалу жұмыстарының көлеміне тексеру жүргізу;
   - мемлекеттік тұрғын үй қорын тексеру және есеп жүргізу;
   - тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй құрылыс бағдарламасын орындауға қатысу және ұсыныс дайындауды жүзеге асыру;
   - коммуналдық қызмет көрсету нарқының дамуы, қалада көлік және инженерлік инфрақұрылымының даму факторларына тосқауылдарын алып тастау жөнінде ұсыныс жасау және талдау жүргізу;
   - пәтер иелерінің кооперативтерімен, коммуналдық және көліктік қызмет көрсететін субъектілеріне консультативтік, әдістемелік және іс жүзінде көмек көрсету;
   - жоғарыдағы ұйымдарға белгіленген есеп беру, өз жұмысының міндеттері бойынша материалдар, ақпараттар және басқа да талдау мәліметтерін дайындау;
   - қажетті мәліметтерді БАҚ-да жарыққа шығару, мекеменің жұмысын арттыру мақсатында құзырлы ұйымдарға ұсыныстар дайындап қарастыру;
   - айлық, кварталдық және жылдық жоспарларды әзірлеу, әкімнің қарауына шешім мен биліктердің жобасын әзірлеу;
   - бөлім құзырына жататын барлық мәселелер бойынша басқару органдары, кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдар жетекшілерімен мамандарының қатысуымен белгіленген тәртіпте жиналыс, семинар жүргізу;
   - ұйым, кәсіпорын, мекеме және жеке тұлға мамандарының келісуімен эксперттік топтың жұмысына және комиссияға қатысуға тарту;
   - бөлім құзырына жататын барлық мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте мәліметтер, есеп беру, басқа да ақпараттарды сұрату және талдау жасау;
   - өтініштерді, ұсыныстарды, хаттарды, сұрауларды қарастыру және олар бойынша шешімдер қабылдау, тұрғындар мен басқа да мекемелермен өз құзырында түсініктеме жұмыстарын жүргізу;
   - тұрғын үй коммуналдық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдарына қатысты барлық мәселелер бойынша іс шаралардың қалалық бағдарламасын іске асыру және дайындауға қатысу.
   11. Мекеменің негізгі міндеті болып мекемені құру туралы актінің анықтаған міндеттері табылады.
   12. Мекеме мемлекеттік тіркеуден өткен уақыттан бастап заңды тұлға ретінде құқық алады.
   Мекеме басқа мекеме құра алмайды және де басқа заңды тұлғаға құрылтайшы бола алмайды.
  
   3. Мекеменің қызметін ұйымдастыру және басқару
  
   13. Мекемені Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқарма туралы» және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» заңдарын басшылыққа ала отырып қала әкімінің қызметке тағайындауы мен босатуына байланысты мекеменің басшысы басқарады.
   14. Мекеме басшысы мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басқарады және мекемеге жүктелген міндеттемелерді орындалуына ерекше жауапкершілік артады;
   15. Бұл мақсатта ол :
   - мекеме атынан сенімхатсыз іс-әрекет жасайды;
   - барлық ұйымдарда мекемені өкілдейді;
   - келісім-шарттар жасайды
   - сенім хаттар береді
   - банктерде есеп шот ашады
   - барлық қызмеркерлерге міндетті бұйрықтар мен жарлықтар шығарады;
   - қала әкімі бекітетін номенклатураға байланысты бөлім ішіндегі қызметкерлерді жұмысқа алу, босату, немесе орындарын алмастыру туралы ұсыныстар жасайды;
   - мекеменің қызметкерлерінің міндетін, атқаратын жұмыстарын анықтайды, мадақтау шарасын, тәртіптік өтеу шарасын анықтайды;
   - қызметкерлердің өз міндетін орындауға жауапкершіліктерін анықтайды, еңбек және атқару тәртібінің жағдайын реттейді;
   - басқа да Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» басқа да заңдармен, өкілетті органдармен тағайындалған заңдармен өз міндеттерін жүзеге асырады.
   16. Қызметкерлердің саны мен оларды қаражаттандыру өлшемі, еңбек ақы қорын қосқанда, жергілікті атқарушы органмен (әкімиятпен) бекітіледі.
   Мемлекеттік бақылау және қадағалау атқарушы ұйымдарына кәсіпкерлік субъектісімен осы ұйымдардың атқаратын функциясының затына келісім қатынастарға енуге тыйым салынады.
  
   4. Мүліктерді құру тәртібі және қызметті қаржыландыру
  
   17. Мекеменің мүлігі мемлекеттен берілген мүліктен, негізгі қордан, айналыстағы қаржыдан және басқа да мекеменің балансында көрсетілген мүліктерден тұрады.
   18. Мекеменің мүлкі оның жедел басқаруына қарайды және коммуналдық меншігіне жатады.
   19. Егер мекеме пайда әкелетін әрекетпен құқықты айналысатын болса, ондай әрекеттен түскен пайда мемлекет бюджетіне жіберіледі.
   20. Мекеменің қызметі, егер заңдармен басқа көрсетілмесе, бюджеттен қаржыландырылады.
   21. Мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және заңдарға сәйкес ол туралы есеп береді.
   22. Мекеменің қаржы-шаруашылық қызметі тексеру және ревизиялау заңдармен бекітілген құзырлы органдармен жүзеге асырылады.
  
   5. Қайта ұйымдастыру және тарату
  
   23. «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату қала әкімінің шешімімен немесе басқа жағдайда қарастырылған заңдар бойынша жүргізіледі.