«Жезқазған қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы,жолаушылар көлігі мен автокөлік жолдары бөлімі» ММ
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Главная Бөлім басшысының блогы «Жезқазған қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық көріністерін азайту, ұйымдастыру және орындау бойынша профилактикалық іс-шаралары туралы баяндама

«Жезқазған қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық көріністерін азайту, ұйымдастыру және орындау бойынша профилактикалық іс-шаралары туралы баяндама

Опубликовано: 28 ноября 2016

           «Жезқазған қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған бағдарламаны орындау мақсатында, мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыруды жақсарту үшін бөлімде жоспарланған жұмыстар атқарылады.

         Бөлімде жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомстволық іс-шаралар жоспары әзірленеді.

         «Жезқазған қаласының ТКШ, ЖК және АЖ бөлімі» ММ-де күн сайын қызметкерлерімен бөлімге келіп түскен өтініштердін орындалу мерзімі жөнінде аппараттық жиналыстар жүргізіледі. Бөлімге келіп түскен заңды және жеке тұлғалардың  өтініштері мен құжаттарының орындалу мерзімі қатал бақылауға алынды. Күн сайын бөлімге келіп түскен өтініштердін орындалуы жөніндегі бақылау кестесі жүргізіледі. Бөлім қызметшілер арасында аптасына екі рет ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңына сәйкес заңды және жеке тұлғалардаң келіп түскен өтініштер мен құжаттардың орындалу мерзімі қаралады және түсіндірме жөнінде жиналыстар жүргізіледі.

         ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңының талаптарын орындалу мақсатында азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналы жүргізіледі.

         Мемлекеттік сатып алу рәсімін өткізу кезінде ҚР «Мемлекеттік сатып алу» Заңы мен мемлекеттік сатып алуды жүргізу ережелері сақталады.

         Мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық комиссия құрамында «Нұр Отан» ХДП-ның өкілдері болады. «Жезқазған қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде конкурстар веб-порталда өткізіледі, яғни ашықтық қамтамасыз етіледі.

         Жоспарлау кезінде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын мемлекеттік сатып алу веб-порталының бағалау модуліндегі бағдарламаларымен сәйкестендіріп сонымен қатар Қарағанды облысы бойынша орташа статистикалық мәліметтері  бойынша бағалар қалаптасады.

         Әр жыл сайын бөлімнің барлық мемлекеттік қызметкерлері және олардың жұбайлары Жезқазған қаласының мемлекеттік кірістер басқармасына кірістері туралы декларация тапсырады. 

         Бөлімнің көрінетін және қол жетімді орнында шағымдар мен ескертулерге арналған жәшік пен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін бақылауға алу туралы журналы жүргізілген.

         Азаматтардың өтініштерін қабылдау бойынша үздіксіз 77-63-66 сенім телефоны жұмыс істейді және бөлімде әр аптанын сәрсенбі күні бөлім басшысы мен бас мамандары жеке және заңды тұлғаларды бөлімге қатысты сұрақтары бойынша жеке қабылдау жүргізеді. «Нұр Отан» ХДП-да бөлім басшысымен азаматтардың жеке қабылдауы өткізіледі.

         Барлық өткізіліп жатқан іс-шаралар сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендетуге, сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтардың жасалу шарттары мен себептерін жоюға, құқықтық базаны жетілдіруге, азаматтық қоғам жүйесімен өзара әрекетті қамтамасыз етуге, мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттауға бағытталған.