«Жезқазған қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы,жолаушылар көлігі мен автокөлік жолдары бөлімі» ММ
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Главная Мемлекеттік қызметтер 110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды беру
Опубликовано: 20 марта 2017 . Обновлено: 24 марта 2017

  Қазақстан Республикасы
 Энергетика министрінің
2015 жылғы 14 сәуірдегі
 № 281 бұйрығына   
 4-қосымша      

      Ескерту. 4-қосымшаның күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 24.05.2016 № 216 бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
 Энергетика министрінің
2015 жылғы 14 сәуірдегі
 № 281 бұйрығына   
 5-қосымша      

      Ескерту. 5-қосымшаның күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 24.05.2016 № 216 бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
 Энергетика министрінің
2015 жылғы 14 сәуірдегі
 № 281 бұйрығына   
 6-қосымша      

   «110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер
үшін қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен
қосалқы станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы
қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

  1. Жалпы ережелер
  2. «110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
    2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
          3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Астана және Алматы қалаларының, облыстық маңызы бар аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
          Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:
           1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
           2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
  3. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
  4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
    1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезден бастап – күнтізбелік 30 (отыз) күн;
          Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті.
          Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.
          2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
          3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
          5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
          6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – 110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды беру осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес.
          Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны электрондық (қағаз) түрде.
          Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған құжат нысанында жіберіледі.
          Көрсетілетін қызметті алушы қағаз жеткізгіштегі мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу үшін жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электронды нысанда рәсімделеді, басып шығарылады көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының қолымен және мөрімен расталады.
          7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
          8. Жұмыс кестесі:
          1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
          Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
          Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетіледі;
          2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының енбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
          9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
          1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
          техникалық шарттардың көшірмесі;
          пайдаланушыны қосу схемасы;
          жүйелік оператордың қорытындысы
          энергия беруші ұйымның қорытындысы (110 кВ және одан төмен объектілер үшін) (міндетті емес).
           2) порталға:
          көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
          техникалық шарттардың көшірмесі;
          пайдаланушыны қосу схемасының электрондық көшірмесі;
          жүйелік оператор қорытындысының электрондық көшірмесі;
          энергия беруші ұйымның қорытындысы (110 кВ және одан төмен объектілер үшін) (міндетті емес).
          Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
          Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды ұсынған кезде:
          көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не пошталық байланыс арқылы) – өтініштің көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі өтініштің қағаз жеткізгіште қабылданғанын растау болып табылады;
          портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алатын күн көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
  5. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
    көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың
    лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне)
    шағымдану тәртібі
  6. Министрліктің, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың тиісті жергілікті атқарушы органының лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшының, Министрліктің атына мына мекенжай бойынша беріледі: Астана қаласы, Орынбор к-сі., 8-үй.
    Шағымдар пошта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілген қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
          Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде шағымның қабылданғанын растау оны тіркеу болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады).
          портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты  бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
          Шағымды портал арқылы жөнелткен кезде көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпаратқа қол жеткізе алады, оны көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартып отырады.
          Шағымда:
           1) жеке тұлғаның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты пошталық мекенжайы көрсетіледі;
           2) заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы шығыс нөмірі және күні көрсетіледі
          Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жолданады немесе көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
           Портал арқылы электронды жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпаратқа қол жеткізе алады, ол өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
          Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
  7. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін
    қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
  8. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылған.
    12. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға құқылы.
          13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде портал, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы «жеке кабинеттің» көмегімен алуға құқылы.
          14. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 92 19 Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

  «110 кВ және одан төмен, 220 кВ және 
одан жоғары объектілер үшін қайталанатын
 (шунтталатын) электр беру желілері мен
қосалқы станцияларды салудың техникалық
 орындылығы туралы қорытынды беру»   
 мемлекеттік көрсетілетін қызмет    
 стандартына 1-қосымша        

Жергілікті атқарушы орган

Нөмір: (Нөмір)          Күні: (Берілген күні) ж.

Қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы
станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы

 ҚОРЫТЫНДЫ

(ЗТ толық атауы) берілді, БСН (ЗТ БСН), заңды мекенжайы
(ЗТ мекенжайы).

Объектінің орналасқан жері (Объектінің орналасқан жері)

Негіздеме: (Қорытындыны негіздеу)

      (Қол қоюшының лауазымы)      (Қол қоюшының аты-жөні)

  «110 кВ және одан төмен, 220 кВ және 
одан жоғары объектілер үшін қайталанатын
 (шунтталатын) электр беру желілері мен
қосалқы станцияларды салудың техникалық
 орындылығы туралы қорытынды беру»   
 мемлекеттік көрсетілетін қызмет    
 стандартына 2-қосымша        

__________________қаласының/ауданының
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық басқармасының басшысы ____
__________________________________ден
 (тегі, аты, болса әкесінің аты    
 (бұдан әрі – ТАӘ), не көрсетілетін  
 қызметті алушы ұйымның атауы)    

Нысаны

 Өтініш

_____________________________________________________________________
               (заңды тұлғаның Т.А.Ә. не толық атауы)
_____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның орналасқан жері, заңды мекенжайы не тұрғылықты жері)

БСН ______________________
СИК_______________________

«110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін
қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы
станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды беруді
сұрайды
_____________________________________________________________________
(орналасқан жері, қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен
қосалқы станцияларды жобалаудың және салудың мақсаты).
      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

Заңды тұлғаның басшысы
________________    _________________________________________________
      (қолы)                        (тегі, аты-жөні)



 

Қарағанды облысы әкімдігінің
2015 жылғы 26 қазан
№ 62/03
қаулысымен бекітілген

 "110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

  1. "110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды беру"мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қарағанды облысының қалалары мен аудандарының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – қызметті беруші) көрсетеді.
    2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру және өтініштерді қабылдау қызмет көрсетушінің кеңсесі немесе www.egov.kz "электронды үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
          3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны электрондық (қағаз) түрде.
          4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі - "Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 281 бұйрығымен (нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11130 тіркелді) бекітілген "110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының (әрі қарай - Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес 110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды беру.

  2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелердің (жұмыскерлердің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
  3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандарттың 9 тармағына сәйкес құжаттарды қосымшасымен бірге қызмет алушының өтініші немесе порталға сұраныс беруі мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (әрекетті) бастау үшін негіз болып табылады.
    6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесі құрамына енетін әрбір рәсімнің мазмұны (әрекетті), оны орындау ұзақтығы:
           1) қызмет беруші кеңсесінің маманы құжаттарды қабылдап, тіркейді, оларды қызмет беруші басшысына жолдайды – 15 минут ішінде. Нәтижесі – құжаттарды қабылдау және тіркеу, бұрыштама салу үшін қызмет берушінің басшысына жолдау;
           2) қызмет берушінің басшысы бұрыштама салады да, оны қызмет беруші бөлімінің басшысына қарастыру үшін жолдайды – 1 сағат ішінде. Нәтижесі – бұрыштама салу, қызмет беруші бөлімінің басшысы қарастыруына жолдау;
           3) қызмет беруші бөлімінің басшысы қызмет беруші бөлімінің маманын анықтайды, оған орындау үшін құжаттарды береді – 1 сағат ішінде. Нәтижесі – қызмет беруші бөлімінің маманының орындауына тапсыру;
           4) қызмет беруші бөлімінің маманы оларды толығымен тапсырылғанын 1 күнтізбелік күн ішінде қарастырады. Нәтижесі – құжаттардың толығымен ұсынылғанын тексеру;
           5) ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда – 1 күнтізбелік күн ішінде одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелденген жауаптың жобасын дайындап, құжаттарды қызмет беруші бөлімнің басшысының қол қоюына жолдайды. Нәтижесі – одан әрі қараудан бас тарту туралы жауаптың жобасын дайындау;
           6) құжаттар толық пакетте болса, 27 күнтізбелік күн ішінде құжаттарды қарастырады, қорытынды жобасын дайындап, қызмет беруші бөлімі басшысының қол қоюына жолдайды. Нәтижесі – қорытынды жауабын дайындау;
           7) қызмет беру бөлімінің басшысы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесін қарастырады, виза қойып, қызмет беруші басшыға қол қоюға салады – 1 сағат ішінде. Нәтижесі – виза қою, көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесін қызмет көрсетушінің басшысына қол қоюға беру;
           8) қызмет берушінің басшысы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесіне қол қояды, қызмет беру бөлімінің маманына жібереді - 1 сағат ішінде. Нәтижесі – көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесін қызмет беру бөлімінің маманына жіберу;
           9) қызмет беру бөлімінің маманы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесін тіркейді және көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесін қызмет алушыға қолма қол береді, не болмаса поштамен жолдайды немесе веб-порталда орналастырады – 1 сағат ішінде. Нәтижесі – көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесін қызмет алушыға беру.

  4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) өзара іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
  5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын қызмет берушінің құрылымдық бөлімшесінің (қызметкерлердің) тізбесі:
          1) қызмет беруші кеңсесінің маманы;
           2) қызмет берушінің басшысы;
           3) қызмет беруші бөлімінің басшысы;
           4) қызмет көрсетуші бөлімінің маманы.
          8. Мемлекеттік қызметті көрсету үрдісіне қатысатын қызмет берушінің құрылымдық бөлімшесінің (қызметкерлердің) әрекеттесу рәсімдерінің (әрекеттерінің) бірізділігін сипаттау:
           1) қызмет беруші кеңсесінің маманы құжаттарды қабылдау және тіркеуді жүзеге асырады, артынан оларды қызмет берушінің басшысына жібереді;
           2) қызмет берушінің басшысы бұрыштама жазып, оны қызмет беруші бөлімінің басшысына қарастыруына жібереді;
           3) қызмет беруші бөлімнің басшысы қызмет беруші бөлімінің маманын анықтап, оған орындау үшін құжаттарды береді;
           4) қызмет беруші бөлімінің маманы олардың толықтығын қарайды;
           5) құжаттар пакеті толық болған жағдайда 27 күнтізбелік күн ішінде құжаттарды қарастырады, қорытынды жобасын дайындайды, қызмет беруші бөлім басшысының қолын қойып жолдайды;
           6) қызмет беруші бөлімінің басшысы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесін қарастырады, бұрыштама қойып, қызмет беруші басшысына қол қоюға жібереді;
           7) қызмет беруші басшы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесіне қол қойып, оны қызмет беруші бөлімнің маманына береді;
           8) қызмет беруші бөлімнің маманы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесін тіркеу үшін қызмет беруші кеңсесіне жолдайды;
           9) қызмет беруші бөлімнің маманы тіркеп, көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесін қызмет алушыға қолма қол береді, не болмаса поштамен жолдайды немесе веб-порталда орналастырады.

  6. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) басқа да көрсетілетін қызмет берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
  7. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызмет беруші өтініші мен рәсімінің (әрекетінің) бірізділігін сипаттау:
          1) 1 процесс – қызмет беруші кеңсесі маманының мемлекеттік көрсетілетін қызметтке арналған "Е-лицензиялау" мемлекеттік мәліметтер базасының ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ММБ АЖ) логин мен парольді енгізуі (қуаттау үрдісі);
           2) 1 шарт – "Е-лицензиялау" ММБ АЖ - де логин мен пароль арқылы қызмет беруші кеңсесінің маманы тіркегені туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру;
           3) 2 процесс – "Е-лицензиялау" ММБ АЖ – де қызмет беруші кеңсесі маманының мәліметтердегі орын алған бұзушылықтарға байланысты қуаттаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
           4) 3 процесс – осы регламентте көрсетілген қызметті қызмет беруші кеңсесі маманының таңдауы, қызметті көрсетудің сұраныс нысанын экранға шығару және қызметті алушының мәліметтерін қызмет беруші кеңсесі маманының енгізуі;
           5) 2 шарт – заңды тұлғалардың мемлекеттік мәліметтер базасында (бұдан әрі – ЗТ ММБ) қызмет алушының мәліметтерінің болуын тексеру;
           6) 4 процесс – ЗТ ММБ қызметті алушының мәліметтерінің болмауына байланысты мәліметтерді алудың мүмкін еместігі туралы хабарламаны қалыптастыру;
           7) 5 процесс – қағаз нысанында құжаттардың болуы туралы белгілеу бөлігінде сұранысты толтыру және қызмет беруші кеңсесі маманының қызмет алушының тапсырған қажетті құжаттарын сканерлеу мен оларды сұраныс нысанына бекіту;
           8) 6 процесс – "Е-лицензиялау" ММБ АЖ сұраныстарды тіркеу және "Е-лицензиялау" ММБ АЖ қызметтерді өңдеу;
           9) 3 шарт – қызмет берушінің паспортты беруге арналған қызметті алушылардың талаптары мен негіздерінің сәйкестігін тексеру;
           10) 7 процесс – "Е-лицензиялау" ММБ АЖ қызметті алушының мәліметтерінде орын алған бұзушылықтарға байланысты сұралған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
           11) 8 процесс – қызметті алушының "Е-лицензиялау" ММБ АЖ қалыптасқан қорытындысын (электронды лицензия) алуы. Электронды құжат қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының электронды қолтаңбасын қолдана отырып қалыптасады.
          Портал арқылы ақпараттық жүйелердің функционалды әрекеттесуінің диаграммасы осы регламентке 1 қосымшада келтірілген.
          10. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде үрдістердің (әрекеттердің) бірізділігі, қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) әрекеттесуі осы регламентке 1 қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-үдеріс анықтамасында көрсетілген.

 

"110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары
объектілер үшін қайталанатын (шунтталатын)
электр беру желілері мен қосалқы станцияларды
салудың техникалық орындылығы туралы
қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 1-қосымша

 Қызмет көрсетуші кеңсесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету барысында бизнес-процестердің анықтамалығы