«Жезқазған қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы,жолаушылар көлігі мен автокөлік жолдары бөлімі» ММ
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Главная Ақпарат Отчеты 2010 жылдың 9 айында ММ-де орындалған жұмыстар есебі
Опубликовано: 01 октября 2010
2010 жылдың 9 айында «Жезқазған қаласы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі мен автокөлік жолдары бөлімі» ММ-де орындалған жұмыстар есебі
 
Жезқазған қаласының маңызды нысандырының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған жоспарланған 2010-2011 жылғы жылу маусымына дайындық бойынша келесі мекемелерде төмендегідей жұмыстар жүргізілді:
1. Жезқазған қаласының ЖЭО.
2. Жылу жүйелері.
3. Қалалық электр жүйелері.
4 Жезқазған таратушы электр торабы компаниясы АҚ жүйесіндегі электр жүйелері
 
1.       Жезқазған ЖЭО
 
2010 жылы ЖЭО жылыту маусымына дайындық жұмыстарын жүргізуге 1 млрд. 588 млн. 80 мың теңге бөлінген.
Төмендегі көрсетілген қазандық цехының негізгі жабдықтарына жөндеу жұмыстары жүргізілген:
·                     №3 турбинаның ағымдағы жөндеу; 100% -орындалды.
·                     №4 турбинаның ағымдағы жөндеу ;100% -орындалды.
·                     № 7 ст. трубо агрегатының ілгері жөндеу;
2010 жылдың 20 қыркүйек інде барлық көлемдегі жөндеу-30% орындалды. 2010 жылдың 26 тамызынаң бастап жөндеуге берілді.
Қосымша жабдықтардың, бойлерктік бақтардың, ғимараттың жабыны мен құрлысының, жанармай транспортының, электрлік, химиялық, жөндеу-құрылыстық цехтарында жоспарланған кесте бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Станция тұрақты режимде жұмыс істеді, көбейтілген үдемелі көлемде көмір мен мазуттың қажетті көлемі тұрақты түрде толықтырылып отырылды. Қосымша жабдықтардың, электрлік, химиялық, жөндеу-құрылыстық цехтарында жоспарланған кесте бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2010 жылдың 1 маусымының сағат 13.00-ден бастап әр аптаның сенбі және жұма күндері аптасына екі рет қала әкімі орынбасарының төрайымдылығымен Жезқазған ЖЭО-да жылыту маусымына байланысты штап отырысы жүргізіледі.
 
2.       «Жылу және сумен жабдықтау кәсіпорны» АҚ
2010-2011 жылғы жылыту маусымына дайындау барысында, Жезқазған қаласында 27,454 шқ. инженерлік жүйелерінде (бүгінгі күнде 26,813 шқ. немесе 98% орындалды) жөндеу жүргізіледі.
 
 
3.       «Қалалық электр жүйелері» АҚ
 
«Қалалық электр жүйелері» АҚ кәсіпорны 2010 жылдың алдағы күзгі-қысқы маусымына дайындығына байланысты жөндеу фондының басты бағдарламасы бойынша 43,13 млн. теңге көлемінде сомма салынды.
Осы қаражатқа ТП және КТПН жөндеу жұмыстарына кіргізілді (жоспар бойынша 88) және 89 бірлігі орындалды (101%), электор беру ВЛ-0,4; ВЛ-6; ВЛ-35 кВ әуе желілерінің жөндеу жұмыстары жүргізілді – 82.300 шқ. Аймақта жоспар бойынша 91,8 шқ. Немесе 90%.
Электор беру желісіне демеу етіп қосалқы станциясының трансформаторы мен 128 есептегішіне 22 есептегіш орнатылды.
Жезқазған қаласына электрэнергия тұрақты, ешбір кедергісіз беріліп тұрды.
 
4.«Жезқазған таратушы электр торабы компаниясы» АҚ
 
Жоспарланған іс-шара бойынша электор жабдықтаудың көтеру сенімі «Жезқазған таратушы электр торабы компаниясы» АҚ электор жүйесінің ілгері жөндеу жұмысы келесі көлемде орындалды:
ВЛ-972,93 шқ.жоспар арқылы 1044,43 шқ. немесе жоспарға 93%, ПС-23 бірлік, жоспар арқылы 26 бірлік немесе жоспарға 88%.
 
5.       Тұрғын үй және әлеуметтік-мәдениеттік нысандары
 
2010 жылдың 20 қыркүйегіндегі жағдайына байланысты 644 көпқабатты үйден – 605 үй (94%), 33 білім беру нысандары (100%), 13 денсаулық сақтау нысандары (100%), мен 5 мәдениет нысандары (100%), 2 спорт нысандары (100%), жылыту маусымына дайындалды.
2010 жылы бюджеттік ұйымдарға 1227 тонн. көмір қажеттілік етті.
Ауылдық мектептерінің білім беру бөлімдеріне 992 тонна көмір сатып алынды, толық жеткізілді.
235 тонна ауылдық әкімшілік пен мәдени мекемелерге жетіспеушілікке сатылып алынды, 100% завоз аяқталды.
Қалада 26 пәтер иелерінің кооперативтері қызмет етеді.
Жылу маусымы кезеңінде қалада көпқабатты тұрғын үйлерге апатты топ тәулік бойы қызмет етті.
                Абаттандыру бойынша және инженерлік жүйелерді, әлеуметтік-мәдени нысыандарын, тұрғын-үй қорларын 2010-2011 жылдары жылыту маусымына дайындық бойынша аптасына екі рет «ТКШ, жолаушылар көлігі мен автокөлік жолдары бөлімі» ММ-де әкім орынбасарының төрайымдылығымен штаб отырысы жүргізіледі.
2010 жылы мемлекеттік тұрғын үй қорының кезегінде 770 адам тіркелген, оның ішінде әлеуметтік-қорғауға мұқтаж азаматтар -647 адам, мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік мекеме қызметкерлері -123 адам.
                19 жолдау келісім шарты, 36 жекешелендіру және жекешелендіру қөшірмелері берілді. Қала тұрғындарына 26 пәтер жекешелендіруге берілді.
               
6.       Абаттандыру, көгалдандыру және жарықтандыру
 
Жезқазған қаласының уақытылы тазалығының орындалуы, қаланы және елді мекендерді көгалдандыру және абаттандыру  мақсатына, қала аймағын көгалдандыру және абаттандыру, санитарлық тазалығы бойынша іс-шара өткізілуде.
Бекітілген іс-шара бойынша жасыл желектерді отырғызу, қала көшелерін кәсіпорындар мен ұйымдарға бекіту жоспары, автожолдар мен алаңдарды тазалау бойынша, абаттандыру мен асыру жүргізілді. Жезқазған қаласының жыл басынан бастап келесі жұмыстары бойынша абаттандыру бекітілген іс-шара бойынша жасалды.
Көктемгі жалпы қалалық сеңбілік және тазалық бейсенбілігі уақытында барлық қорытынды үдемелі өсумен келесі көсеткішті құрады:
·         4105 ұжым, қатысушылардың саны 62 062 адамды құрады,
·         325 бірлік техника қатыстырылды, 226 автокөлік және 99 тиеуші,
·         998 га. қала аймағы тазартылды,
·         129 ұйымдастырылмаған қоқыс жойылды,
·         65 жертөле кептірілді,
·         қатты-тұрмыстық қоқысты шығаруға 30 келісім шарт жасалды,
·         4 жалпы қалалық сенбілік және 4 тазалық бейсенбілігі жүргізілді.
·         Жалпы қалалық сенбілік уақытында орта және жоғарғы оқу орындарының, еңбек ұжымының қатысуымен қалада 6750 ағаш көшеті отырғызылды.
Осыдан басқа келесі жұмыстар орындалды:
·         595 000 кв.м. Жезқазған қаласының алаңдарында өсімдіктер мен ағаштарға химиялық өндеу жүргізілді,
·         Кеңгір су қоймасының жаға жай аймағындағы жылу коллектор аймағында және тұрғын үй жайларының жер төрелерінде егеу құйрыққа қарсы дератизация жүргізілді.
·         Мешіттен бастап Құсайынов көшесіне дейін автожолдарын жарықтандыру бойынша 7 тіреуіш және 7 шам орнату жұмыстары жүргізілді.
·         Жанасов, Халмецкий, Есенберлин және Батыс айналма жол көшелерінің жарықтандыру лампасы мен 116 шамын ауыстыруы бойынша жұмыстар жүргізілді.
·         Аллее Славасына 10 жаңа тіреуіш және 22 шам орнату бойынша жұмыс жүргізілді.
·         Сәтпаев көшесі бойынша сақиналы шешіміне 22 жаңа тіреуіш және 22 шам орнату бойынша жұмыс жүргізілді.
«Жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша 2010 жылы жұмыс жүргізіліде:
·         С. Сейфуллин бульварын абаттандыру бойынша жаңа 56 тіреуіш және 114 шам орнатылды.
·         Қаланың 7 көшесіне 96 тіреуіш және 243 шам мөлшерінде қала көшелері қайта жарықтандырылды.
·         Жезқазған қаласы бойынша 112 дана контейнер алаңдары орнатылды.
·         Авто жолдарды өлшеп белгілеу жүргізілді.
·         Гагарин көшесі 9 бойынша тұрғын үй ауданының скверіне, «Аллее славы» мемориалына, әуежай ауданына, «Ғарышты жаулап алушылар» ескерткішіне, көпсалалы аурухана ауданына 2272 м. аралықтағы суару жүйесін қайта құру жұмысы жүргізілді.
·         Жезқазған қаласының ішкі ауласын жарықтандыруды қайта құру және №1,2,3,4,5,6 аудандардың ішкі ауласының жүрісін қайта құру бағдарламасы құрылды. Жарықтандыруды қайта құру бойынша жұмысы 2010 жылдың аяғына дейін аяқталады.
·         Алашахан 25 а данғылы тұрғын үй алаңын абаттандыру бойынша балалар алаңын, бордюр тасын, асфалттар жабуды, орындықтарды және т.б. жұмыстарды қайта құру бойынша жүргізу.
 
7.       Автомобиль жолдарының жөнделуі
Жезқазған қаласы жолдарының жалпы ұзындығы 185 шқ. құрайды. 2010 жылы «Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 2010 жылы 116 412,353 мың теңгесі қала жолдарына орташа жөндеулер жүргізуге, ал 66 011,646 мың теңгесі қала жолдарын маусымдық күтіп ұстау жұмыстарына деп көзделген.
«Елді мекендерде жол қауіпсіздігін сақтау» Бюджеттік бағдарламасы бойынша 34 093 мың теңге бөлінді.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі «Жезқазған қаласы Тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
«Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» Бағдарламасы бойынша қала жолдарын маусымдық күтіп ұстау жұмыстары мен жөндеу жұмыстарын жүргізу Жезқазған қаласының «Қалалық автомобиль жолдары» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны атқарады.
«Елді мекендерде жол қауіпсіздігін сақтау» Бюджеттік бағдарламасы бойынша белгіленген жұмыстарды «Жезқазғанавтотрассигнал» ЖШС атқарады.
Иманжан, Некрасов, Пирогов, Пушкин, Шевченко, Гагарин көшелеріндегі 3 105 шаршы метр жол сапасыз болғандықтан қабылданбады
(көшелердің автожолдарың жөндеу бойынша мәлімет тіркелген).
«Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС Әуежайға барар жолы мен Бейбітшілік даңғылы, Балқаш, Сәтбаев, Жастар, М. Жәлил көшелерінің 157 мың шаршы метржол жамылғыларын толықтай жөндеу жұмыстарын жүргізді.
 Бейбітшілік даңғылы, Жастар, М. Жәлил көшелерінің және Әуежай жолының 7 922 метртемірбетон ернеу тастары айырбасталды.
«Елді мекендерде жол қауіпсіздігін сақтау» бағдарламасы бойынша 34 093 мың тенгенің бүгінгі күні 19 978 мың теңгесі игерілді.
2010 жылы қала көшелерінің жолдарына жасалатын жөндеу жұмыстарының сапасын қадағалауға «ТКШ, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімі» ММ 2010 жылдың 10 маусымындағы № 63 бұйрығымен жұмыс комиссиясы құрылды.
Қаланың автожолдар сапасының техникалық жағдайын «Қалалық автомобиль жолдары» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны мен «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС тексеру жұмысы жүргізледі.
Депутаттардан құралған уақытша комиссия тексерген жұмыс көлемі бойынша  берген кемшіліктерін жою шараларына байланысты тексеріс жүргізілді.
 
 
 Құрметпен,
А.А. Жандарбеков