«Жезқазған қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы,жолаушылар көлігі мен автокөлік жолдары бөлімі» ММ
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Главная Ақпарат Отчеты 2009 жылғы ММ-де орындалған жұмыстар есебі
Опубликовано: 01 октября 2010
2009 жылғы «Жезқазған қаласы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі мен автокөлік жолдары бөлімі» ММ-де орындалған жұмыстар есебі
 
Жезқазған қаласының маңызды нысандырының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған жоспарланған 2009-2010 жылғы жылу маусымына дайындық бойынша келесі мекемелерде төмендегідей жұмыстар жүргізілді:
1. Жезқазған қаласының ЖЭО.
2. Жылу жүйелері.
3. Қалалық электр жүйелері.
4 Жезқазған таратушы электр торабы компаниясы АҚ жүйесіндегі электр жүйелері
 
1.       Жезқазған ЖЭО
 
2009 жылы ЖЭО жылыту маусымына дайындық жұмыстарын жүргізуге             1 млрд. 465 млн. 220 мың теңге бөлінген. Төмендегі көрсетілген қазандық цехының негізгі жабдықтарына жөндеу жұмыстары жүргізілген:
·         №7 қазандық агрегатының толық жөндеу жұмыстары (орындалуы -100% )
Турбиналық цех бойынша:
Станция тұрақты режимде жұмыс істеді, көмір мен мазуттың қажетті көлемі тұрақты түрде толықтырылып отырылды.
                Қосымша жабдықтардың, электрлік, химиялық, жөндеу-құрылыстық цехтарында жоспарланған кесте бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілді.
 
2.       «Жылу және сумен жабдықтау кәсіпорны» АҚ
                Жезқазған қаласын 2009-2010 жылы жылыту маусымына дайындау мақсатында, «Жылу және сумен жабдықтау кәсіпорны» АҚ қорында тіркелген инженерлік жүйелерде келесі жөндеу жұмыстары жүргізілген.
 
3.       «Қалалық электр жүйелері» АҚ
 
«Қалалық электр жүйелері» АҚ кәсіпорынының негізгі қорларына қайта және толық жөндеу жұмыстары жоспар бойынша 43,0 млн. теңгеге жүргізілді:
                Вл-35,6,04 кВа, КЛ-6/0,4 кВа электр жүйелерінде толық және уақытылы жөндеу жұмыстары орындалды. Барлық ұзындығы 91,8 шқ. (100%).
                400 кВа-қа дейінгі трансформаторлық станциялардың және қалалық типтегі трансформаторлық станциялардың кешенін толық жөндеу жұмыстары жоспарланған 68 станция орынына, 105 подстанцияға жүргізілді (154%).
                Бағдарламада сонымен қатар таратқыш қалқандар, электр сымдарын, электрэнергияны есептегіш құрылғыларын, көпқабатты тұрғын үй кіре берістеріндегі жарық шамдарын 5,8 млн теңгеге ауыстыру қарастырылған ол 6,0 млн. теңгеге орындалды.
                Электрэнергиясын ұрлаудан сақтау мақсатында трансформаторлық станцияларында 60 есептегіш құрылғылары орнатылған, жоспарланғаны 60(100%). Жоғарғы кернеулі тіректерде 111 есептегіш құрылғылары орнатылған, жоспарланғаны 50 дана (222%).
                Жезқазған қаласына электрэнергия тұрақты, ешбір кедергісіз беріліп тұрды.
 
4.       «Жезқазған таратушы электр торабы компаниясы» АҚ
 
«Жезқазған таратушы электр торабы компаниясы» АҚ 2009-2010 ж.ж. күзгі-көктемгі маусымдағы жүргізген толық жөндеу жұмыстары келесі көлемде болды:
 
5.       Тұрғын үй және әлеуметтік-мәдениеттік нысандары
2009-2010 жылғы жылыту маусымына дайындалғандары:
Барлығы: 56 әлеуметтік - мәдениеттік нысандары бойынша - 56 нысан (100%).
Мемлекеттік есептегі мекемелер үшін көмір 1152,2 тонна толық көлемде 2009 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жеткізілді.
Жезқазған қаласындағы 2009-2010 ж.ж. жылу маусымы 2009 жылдың           10 қазанда 00:00 сағатта басталған. Қалалық №11,9,3 жылу жүйелері қысыммен тексеріліп және шайылды. Жылу қаланың барлық 644 тұрғын үй және әлеуметтік-мәдениеттік нысандарына берілді.
                Қалада 26  пәтер иелерінің кооперативтері қызмет етеді.
                Жылу маусымы кезеңінде қалада көпқабатты тұрғын үйлерге 33 апатты топ тәулік бойы қызмет етті.
                2009 жылы мемлекеттік тұрғын үй қорының кезегінде 770 адам тіркелген, оның ішінде әлеуметтік-қорғауға мұқтаж азаматтар -647 адам, мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік мекеме қызметкерлері -123 адам.
                14 жолдау келісім шарты, 61 жекешелендіру және жекешелендіру қөшірмелері берілді. Қала тұрғындарына 37 пәтер жекешелендіруге берілді.
                Бүгінгі күні 19 жалдау келісім шарты, 36 жекешелендіру келісім шарты және жекешелендіру көшірмелері құжатталды. 3 медицина қызметкерлеріне, 3 соғыс ардагерлеріне және 20 жағдайы аз қамтылған отбасыларына пәтер кілттері табыс етілді.
 
6.       Абаттандыру, көгалдандыру және жарықтандыру
 
                Жезқазған қаласының уақытылы тазалығының орындалуы, қаланы және елді мекендерді көгалдандыру және абаттандыру  мақсатына, қала аймағын көгалдандыру және абаттандыру, санитарлық тазалығы бойынша іс-шара өткізілуде.
                Жезқазған қаласының жыл басынан бастап келесі жұмыстары бойынша абаттандыру бекітілген іс-шара бойынша жасалды.
Жалпы қалалық сеңбілік және тазалық бейсенбілігі уақытында барлық қорытынды үдемелі өсумен келесі көсеткішті құрады:
·         4600 ұжым,  қатысушылардың саны 167 039 адамды құрады,
·         424 бірлік техника қатыстырылды, 275 автокөлік және 149 тиеуші,
·         569 га. қала аймағы тазартылды,
·         325 ұйымдастырылмаған қоқыс жойылды,
·         157 жертөле кептірілді,
·         қатты-тұрмыстық қоқысты шығаруға 53 келісім шарт жасалды,
·         6 жалпы қалалық сенбілік және 50 тазалық бейсенбілігі жүргізілді.
Осыдан басқа келесі жұмыстар орындалды:
·         595 000 кв.м. Жезқазған қаласының алаңдарында өсімдіктер мен ағаштарға химиялық өндеу жүргізілді,
·         70 қоқыс контейнерлері орнатылды,
·         үй жанындағы аймақтардағы рұқсатсыз орнатылған 45 қоршауларды алып тастау жүргізілді
·         қалалық Маслихатың шешімі бойынша, қалада екі жаңа ереже қабылданған және әрекет етуде, «Жезқазған қаласының және іргелес елді мекендердің жасыл желектерін қорғау» және «Жезқазған қаласының және іргелес елді мекендерді абаттандыру және санитарлық ұстау»,
келесі көрсетілген мекен-жайларда 9 автобус павильоны орнатылды:
1. Абай көшесі «Универсам» аялдамасы
2. Сатпаев көшесі «Думан», аялдамасы
3. Сарыарқа-бұрынғы ПАТП и Книготорг, аялдамасы
4. Некрасов көшесі Монша аялдамасы
5. Рыбачий ауылы  мешіт аялдамасы
6. Аялдама - Қазақбаев көшесі бойынша
7. Аялдама - Рыбачий ау. дүкен жанында
8. Аялдама - 1 павильон Аварийный ауылында
9. Аялдама - жәнеде 1 павильон Талап ауылында орнатылды
·         20 аялдамада кезекті жөндеу жұмыстары жүргізілді.
·         15 орталық аялдамаға арнайы жарнамалар мен хабарламаларға арналған тақта орнатылды.
·         7 қалалық ескерткіштерінде жөндеу жұмыстары жүргізілді:
«Мәңгілік алау мемориалды кешені», «Алеша», «Алғашқы құрылысшылар», «Сарбаз», 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында қайтыс болған Жезқазғандық ардагерлерге арналған ескерткіш-обелиск», «Ғарыш әлемін жаулап алушылар» және «Ғарыш» ескерткішері,
·         Қоғамдық орындарда 150 орындық орнатылды,
·         5 пилон дайындалып орнатылды,
·         Жезқазған-Әуежай жолдарында жарықтандыру тіреуіштерінде ұлттық орнаменттер орнатылды,
·         «Шаруа» базары және автовокзал аудандарында бағдаршам пайдалануға берілді,
·         Автожолдарды белгілеу жүргізілді,
·         Қалалық жаға жайға демалуға арналған беседкалар орнатылды,
·         Қала көшелеріндегі  орташа жөндеу жұмыстары аяқталды,
·         Қаланың ең ұзын Абай көшесі жөнделді.
·         2500 тонна құм жертайғақ кезінде көшеге төселуге дайындалды,
·         Ауылдық округтарда 112 жарықтандыру шамы орнатылды, Кеңгір ауылында-50, Талап ауылында-50, Малшыбай ауылында-12.
·         Гагарин, Некрасов, Маяковский, Жеңістің 30 жылдығы, Деев, Горький, Пушкин көшелерінде 293 шам орнатылды,
·         Рыбачий ауылының Мұқанов көшесінде 26 бағана мен 35 шам орнатылды
·         96 ескі және апатты үйлер тексерістен өткізілді. ТЖ комиссиясының ескертуі бойынша бірінші кезектегі апатты үйлердің тізімі анықталды.
·         Омаров көшесі 16,20,30, Байқонуров көшесі 38, Шевченко көшесі 7, үйлері бойынша сараптама нәтижесі алынды. Барлық үйлер апаттық жағдайда және жоюға жатады,
·         Жеңістің 30 жылдығы көшесі 11, оның ішінде № 4,5 кіреберіс және жеке секторлар апаттық тұрғын үй болып табылған.
·         27 пәтерлі он қабатты Алашахан даңғылы 41 үй бойынша қабырғасын жөндеу жұмыстары бойынша жұмыстар аяқталды.
·         Алашахан даңғылы 37 үйдің апаттық жағдайдағы кіреберіс жою бойынша Қазақмыс корпорациясының бас жобалау институтымен жоба жасалды.
·         Маяковский көшесі 95 үй ауданы бойынша тірек бетон қабырғасына жөндеу жұмыстары жүргізілді.
·         ТЖ комиссиясының шешімі бойынша қаланың 4 көпірі апатты деп табылды.
 
7. Тұрмыстық қоқыс қалдықтарын шығару
 
               Жезқазған қаласының тұрмыстық қоқыс қалдықтарын шығару полигоны Жезқазған-Қарағанды жолдары ауданында және Бөрікезсай шатқалында, Жезқазған қаласынан 12 шқ. қашықтықта орналасқан.
               Полигон 2 сыныпты қауіпті нысанға жатады. Оңтүстік-батыстан 7 шқ. Кеңгір өзені, ал Батыстан 5 шқ. Кеңгір су қоймасы орналасқан.
               Полигон 1975 жылдан бастап қолданымда және елді мекеннен сырт орналасқан, санитарлық қорғау ауданы не бары 500 метр және нақты 12 шқ. құрайды. Сонымен қатар қоршау және ор жолдың жоқтығынан полигонның нақты шекарасы белгіленбеген. Полигонның ТҚҚ шығарып іске асыруына №1 АКК «ADAN DZL Logistic» ЖШС жауапты. Қала мекемелерінің өнеркәсіп қоқыстары Жезқазған кеңбайыту фабрикасының қоймасында жиналады. Жұмыс істейтін полигонның бөлігінде қоқысты орналастыруды бақылау, полигонға түскен қоқысты бақылау құрамы мен тіркеуі, технология  арқылы қоқысты оқшаулау қамтамасыз етілмеген.
               Полигонның аймағы екі белдеуге бөлінген: ТҚҚ жинау белдеуі және шаруашылақ тұрмыстық нысандары орналасқан белдеу.
               Өндірістік тұрмыс ғимараты, оның ішінде ұжымға тамақ қабылдау үщін бөлінген бөлме, механизмдер үшін гараж, аулалық дәретхана тұрмыстық белдеуде орналасқан.
               Электрлі генератордың көмегімен тұрмыстық ғимаратқа жарықтандыру беріледі.
               Ауыз су тасылып жеткізіледі және үш тонналық ыдыста сақталады, тығыз жабылатын қақпақпен және бұрандамен жабдықталған.
              Полигон аймағында ТҚҚ контейнірлері және қоқыс тасығышты жуу алаңдары жоқ.
              Периметірі бойынша полигон аймағында қоршаулар жоқ. Бақылау ұңғымалары жоқ.
              Жезқазған қаласының тұрмыстық қоқыс қалдықтарын шығарумен №1 АКК «ADAN DZL Logistic» ЖШС айналысады. Нормативті тұрмыстық қоқыстың жиналуы бойынша қаланың күнделікті санитарлық тазалығы үшін -39 бірлік техника керек, -21 бірлік бар, іс жүзінде -15 бірлік техника жұмыс жасайды.
 

Техниканын атауы
Барлығы
Іс жүзінде жұмыс атқаруда
Есеп бойынша керегі
Жетіспеушілігі
V-3м3
Жүк тиеуші
2
2
4
2
КамАЗ
Жанама тиеу
(V-22 м³)
7
5
13
6
ЗИЛ
Жанама тиеу
(V-11 м³)
4
4
7
3
ЗИЛ
Артымен тиеу
 (V-11 м³)
3
2
6
3
Самосвал
 (V-10 м³)
2
2
9
7
Барлығы
18
15
39
21

             Қолда бар автакөліктің шамадан тыс істен шығуына байланысты қала бойынша қоқысты тасу кестесі өз мерзімінде қамтамасыз етілмейді.
                Есеп бойынша ТҚҚ жинауға керекті контейнерлер саны -1642, нақтысы -850 контейнер бар (53,3%). 792 жетіспейді және 1-2 жылдың ішінде орнатылған контейнерлер тез тозып істен шығып қалады. Ағымдағы жылда 70 контейнер тозған ескі контейнерлердін орнына орнатылуда.
 
 
8.       «Менің аулам» бағдарламасын іске асыру
 
Қазіргі кезде Жезқазған қаласында 85 % ішкі үй аймақтарын асфальттау қажет, 90 % ернеу тастар, 75 % жарықтандыру және барлық алаңдарды балалар алаңдары мен кіші-стадиондармен жабдықтау керек.
2009 жылы Кеңгір, Талап, Малшыбай ауылдарында және Деев көшесіндегі 11 үй алаңында жасанды футбол алаңы орнатылды. Некрасов 69А, 71 көшесінде алаңдар бойынша ернеу тастар және асфальт қайта орнына келтірілді.
Өкінішке орай біздің адамдардың санасы, әсіресе жастар мен жасөспірімдер қылығы дұрысталуды керек етеді, әсіресе ортақ мүлікті сақтауда, көшеде орнатылған орындықтарды, қоқыс жәшіктерін, футбол алаңдарын, балалар ойнайтын элементтерді күтіп ұстауды керек етеді.
Осы мақсат үшін келесі жылы пайдалануға еңгізілген жасанды 11 футбол алаңын қайта орнына келтіру жұмыстары жоспарлануда.
Барлығыңыз білетіндей қандайда бір жоба, сметалық-жобалық құжаттарысыз жүзеге аспайтыны белгілі, сондықтан Жезқазған қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының әрі қарай дамуы бойынша келесі жобалар жасалды:
·         «Жезқазған қаласының Қожамсейт су қоймасының құрылысы» жобасына технико-экономикалық негіздеме құрастырылды. Құрылыс құны 10,0 млрд. теңге. Бүгінгі күні техникалық-экономикалық негіздемесі құрылыс және ТКШ істері жөніндегі «Астанамемсараптама» агенттігінде  қаралуда.
·         «Жезқазған қаласына дейін Есқұла су құбыры құрылысы» бойынша сметалық-жоба құрастырылды. Құрылыс құны 6,9 млрд. теңге. 2010 жылы 500,0 млн. теңге бөлініп,  жұмыстар басталды.
·         «Жезқазған қаласының су құбыры жүйесін қайта құру» жобасына технико-экономикалық негіздеме құрастырылды. Барлық жұмыс құны 7,0 млрд. теңге. Мәлімделген жобада Жезқазған қаласының және барлық елді мекендердің Рыбачий, Комбинатский, Геология, Пристанционный, Аварийный және 5 - аудандарда барлық магистралды және  орамдық жүйелерді толықтай 100% айырбастауды қарастырған. Жобаны іске асыру 2009-2012 жылдарды қамтиды.  
·         Жезқазған-Кеңгір-Сәтпаев жолдарын жарықтандыру бойынша сметалық-жоба құрастырылды. Құрылыс құны 261,0 млн. теңге.
·         Жезқазған қаласын 2025 жылға дейінгі жылумен жабдықтау схемасы құрастырылды. Мәлімделген құжат Жезқазған қаласындағы ЖЭО-2 құрылысының бірінші бөлімі болып келеді және жылу жүйесінің қайта құрастыруының негіздемесі.
·         197,0 млн. теңгеге «74 орамдағы жылу жүйесінің күрделі жөндеу жұмысының» жобасы жасалды.
 
9.       Автомобиль жолдарының жөнделуі
 
Жезқазған қаласы жолдарының жалпы ұзындығы 185 шқ. құрайды. 2009 жылы қала бюджеті есебінен 184977 мың теңгеге, 20 көшенің 83 109 шаршы метр жамылғысы жөнделді. Сонымен қатар Абай көшесінің жолы мен ернеу тастары жөнделді.
«Елді мекендерде жол қауіпсіздігін сақтау» Бюджеттік бағдарламасы бойынша 37545 мың теңге көлемінде қаржы бөлініп, белгіленген тәртіпте игерілді.
Кеңгір ауылына 20,0 млн. теңге, Талап ауылына 10,98 млн. теңге қаражат Жол картасы бағдарламасы бойынша бөлініп, жолдары жөнделді.
«Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 2010 жылы 116 412,353 мың теңгесі қала жолдарына орташа жөндеулер жүргізуге, ал 66 011,646 мың теңгесі қала жолдарын маусымдық күтіп ұстау жұмыстарына деп көзделген.
 «Елді мекендерде жол қауіпсіздігін сақтау» Бюджеттік бағдарламасы бойынша 34093 мың теңге көлемінде Жезқазған қаласының бюджетінен қаржы бөлінінді.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі «Жезқазған қаласы Тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
 «Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» Бағдарламасы бойынша қала жолдарын маусымдық күтіп ұстау жұмыстары мен жөндеу жұмыстарын жүргізу «Қалалық автомобиль жолдары» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны атқарады.
«Елді мекендерде жол қауіпсіздігін сақтау» Бюджеттік бағдарламасы бойынша белгіленген жұмыстарды «Жезқазғанавтотрассигнал» ЖШС атқарады.
Иманжан, Некрасов, Пирогов, Пушкин, Шевченко, Гагарин көшелеріндегі 3 105 шаршы метр жол сапасыз болғандықтан қабылданбады.
«Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС тарапынан қаланың әлеуметтік нысандарын жетілдіріп, дамыту бағытында қомақты қаржы бөлініп, бүгінгі күнде қаланың Әуежайға барар жолы мен Бейбітшілік даңғылы, Балқаш, Сәтбаев, Жастар, М. Жәлил көшелерінің 157 мың шаршы метржол жамылғылары толықтай жаңартылып, Бейбітшілік даңғылы, Жастар, М. Жәлил көшелерінің және Әуежай жолының 7 922 метртемірбетон ернеу тастары айырбасталды.
«Елді мекендерде жол қауіпсіздігін сақтау» бағдарламасы бойынша 34 093 мың тенгенің бүгінгі күні 19 978 мың теңгесі игерілді
2010 жылы қала көшелерінің жолдарына жасалатын жөндеу жұмыстарының сапасы «ТКШ, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімі» ММ 2010 жылдың 10 маусымындағы № 63 бұйрығымен құрылған комиссияның шешімімен анықталып қабылданады.
Жалпы жол жамылғыларына төселетін асфальтбетонның сапасын «Қалалық автомобиль жолдары» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-не қарасты зертханада тексертеді.
Бүгінгі күнде қалалық мәслихат депутаттарынан құралған уақытша комиссия тексеріс жүргізіп, берген кемшіліктерін жою шаралары жүргізілуде     Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі қаламыздағы барлық шешімін тапай келе жатқан сұрақтар тізімін жасауда. Бұл тізім қала әкімі мен қалалық мәслихат депутаттары назарына шығарылатын болады.
 
Құрметпен,
А.А. Жандарбеков