«Жезқазған қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы,жолаушылар көлігі мен автокөлік жолдары бөлімі» ММ
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Главная Ақпарат Отчеты ММ 2010 жылда орындаған негізгі жұмыстар есебі
Опубликовано: 30 мая 2011
«Жезқазған қаласы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі мен автокөлік жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010 жылда орындаған негізгі жұмыстар есебі.
 
Жезқазған қаласының тіршілікті қамтушы нысандарының қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған жоспарланған шараларға сәйкес 2010-2011 жылдардың қысқы-күзгі маусымына мекемелерде келесі бағыттарда дайындық бойынша жұмыстар жүргізілді:
  1. Жезқазған қаласының ЖЭО.
  2. Жылу желілері.
  3. Қалалық электр желілері.
  4. Жезқазған таратушы электр торабы компаниясы АҚ жүйесіндегі электр жүйелері.
1.       Жезқазған жылу электр орталығы
 
Өткен 2010 жылы ЖЖЭО жылу маусымына дайындық жұмыстарын жүргізуге 1 млр. 588 млн. 80  мың теңге бөлінген.
Төмендегі көрсетілген қазандық цехының негізгі жабдықтарына жөндеу жұмыстары жүргізілді:
Турбина цехы бойынша:
Бойлерлік парктің, отын-көлік, электр, химиялық цехтарының, көмекші жабдықтарының, ғимараттар мен құрлыстардың төбе жабындысы жөнделді.
Станция қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр, үдемелі түрде көмір мен мазуттың қажетті көлемінің қоры тұрақты түрде толықтырылып, арттырылып отыр.
Жезқазған ЖЭО-да әр аптаның сейсенбісі күндері, ал 2010 жылдың                1 маусымынан бастап сейсенбі және жұма күндері, аптасына екі рет қала әкімі орынбасарының төрағалығымен жылу маусымына байланысты штаб отырыстары өткізілуде.
 
2.       «Жылу сумен жабдықтау кәсіпорны» акционерлік қоғамы
 
2010-2011 жылғы жылу маусымына дайындық барысында, Жезқазған қаласында 27,454 шқ. инженерлік жүйелерге жөндеу жүргізілді, оның ішінде:
 
3.       «Қалалық электр желілері» акционерлік қоғамы
 
«Қалалық электр желілері» АҚ кәсіпорны алдағы қысқы - күзгі маусымына дайындығына байланысты 2010 жылға негізгі қорларды жөндеу бағдарламасы бойынша 43,130 млн. теңге көлемінде қаржы салынды.
Осы қаражатқа 89 ТП және КТПН жөнделді (101%) және ВЛ-0,4; ВЛ-6;            ВЛ-35 кВ әуе желілерінің 82,300 шқ. бөлігінде жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Трансформаторлы қосалқы станцияларға 22, электр беру желісі бағандарына 128 есептегіштер орнатылды.
Жезқазған қаласына электр энергия тұрақты, іркіліссіз беріліп тұр.
 
4.«Жезқазған таратушы электр торабы компаниясы»
 акционерлік қоғамы
 
«Жезқазған таратушы электр торабы компаниясы» АҚ жоспарланған іс-шара бойынша тұтынушыларды электр жабдықтаудың сенімділігін көтеретін электр жүйесінің жөндеу жұмыстарын келесі 100% көлемде орындады:
ВЛ- 1044,43 шқ., ПС-23 бірлік.
 
5. Абаттандыру, көгалдандыру және жарықтандыру
 
Жезқазған қаласының уақтылы тазалануы, қаланы және елді мекендерді көгалдандыру мен абаттандыру мақсатында, қала аумағын көгалдандыру және абаттандыру, санитарлық тазалығы бойынша іс-шаралар өткізілді.
Жасыл желектерді отырғызу, автожолдар мен алаңдарды тазалау, абаттандыру іс-шаралар жоспары, қала көшелерін кәсіпорындар мен ұйымдарға жүктеу жоспары бекітілді.
Көктемгі жалпы қалалық сеңбілік және тазалық бейсенбілігі уақытында барлық қорытынды үдемелі өсумен келесі көрсеткішті құрады:
·         4661 ұжым, қатысушылардың саны 86522 адам.
·         455 арнайы техника қатысты, оның ішінде: 321 автокөлік және 134 тиегіш.
·         1485 га. қала аймағы тазартылды.
·         157 рұқсат етілмеген қоқыс жойылды.
·         65 жертөле кептірілді.
·         Қатты-тұрмыстық қоқысты шығаруға 30 келісім шарт жасалды.
·         4 жалпы қалалық сенбілік және жеті сайын тазалық бейсенбілігі жүргізілді.
Жалпы қалалық сенбілік уақытында орта және жоғарғы оқу орындарының, еңбек ұжымының қатысуымен қалада 12660 ағаш көшеті отырғызылды. Қажетті суарудың болмауына байланысты көшеттердің шығыны 5823 дана немесе 54 % болды.
Жоғарыдағыдан басқа келесі жұмыстар да орындалды:
·         595 000 кв.м. Жезқазған қаласының алаңдарында өсімдіктер мен ағаштарға химиялық өндеу жүргізілді.
·         Кеңгір су қоймасының жаға-жай аймағындағы жылу коллектор аумағында және тұрғын үй жайларының жер төрелерінде егеу құйрыққа қарсы дератизация жүргізілді.
·         Мешіттен бастап Құсайынов көшесіне дейінгі автожолды жарықтандыру үшін 7 бағана және 7 шам орнатылды.
·         Жанасов, Холмецкий, Есенберлин және Батыс айналма жолын көшелерінің жарықтандырудың 116 шамы ауыстырылды.
·         Даңқ аллеясында 10 бағана және 22 шам орнатылды.
·         Сәтпаев көшесі жол айналымында 22 бағана және 22 шам орнатылды.
·         Гагарин көшесінде, «Даңқ аллеясы» мемориалында, әуежай ауданына, «Ғарышты бағындырушылар» ескерткішіне, көпсалалы аурухана ауданына 2272 м. суару жүйесін қайта қалпына келтірілді.
·         Сәтбаев көшесі бойына 9 жарықдиодты аркалар және Алашахан даңғылына 156 дана «Қызғалдақ» жарық иллюминациясы орнатылды..
·         Абай, Гагарин көшелеріндегі айналма жолдарға шағын сәулеттік пішіндер қойылды.
·         Жезқазған қаласының ішкі ауласын жарықтандыру бойынша №1,2,3,4,5,6 ықшамаудандарында 149 тұрғын үй аулаларына 321 жарықтандырғыш қойылды және аула аралық қозғалыс реттеубағдарламасы және қайта құру жұмыстары жасалды.
·         Алашахан даңғылы 25а тұрғын үй алаңын абаттандыру бойынша балалар алаңын, бордюр тасын, асфальтты жабындыны, орындықтарды және т.б. қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді.
·         Алаш алаңына 2 дана заман талабына сай, балаларға арналған ойын алаңы қойылып, абаттандыру жұмысы жүргізілуде.
2010 жылы «Жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жүргізілген жұмыстар:
·         С.Сейфуллин бақжолын абаттандыру бойынша жаңа 56 баған және 114 шам орнатылды.
·         Қаланың 7 көшесіне 96 баған және 243 шам орнатылып, қала көшелері қайта жарықтандырылды.
·         Жезқазған қаласы бойынша 112 дана контейнер алаңдары орнатылды.
 
6. Автомобиль жолдарының жөнделуі
Жезқазған қаласы жолдарының жалпы ұзындығы 185 шқ. құрайды.
2010 жылы «Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 2010 жылы 116 412,3 мың теңге қала жолдарына орташа жөндеулер жүргізуге, ал 66 011,6 мың теңге қала жолдарын маусымдық күтіп ұстау жұмыстарына деп көзделген.
«Елді мекендерде жол қауіпсіздігін сақтау» Бюджеттік бағдарламасы бойынша 34 093,0 мың теңге бөлінді.
        Бағдарламаның әкімшілігі «Жезқазған қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі мен автокөлік жолдары бөлімі» ММ болып табылады.
 «Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша қала жолдарын маусымдық күтіп ұстау жұмыстары мен жөндеу жұмыстарын жүргізу Жезқазған қаласының «Қалалық автомобиль жолдары» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны атқарады.
«Елді мекендерде жол қауіпсіздігін сақтау» Бюджеттік бағдарламасы бойынша белгіленген жұмыстарды «Жезқазғанавтотрассигнал» ЖШС атқарады.
Некрасов, Пушкин көшелеріндегі 941,6  шаршы метр жол сапасыз болғандықтан қабылданбады.
«Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-і Әуежай жолы мен Бейбітшілік даңғылы, Балқаш, Сәтбаев, Жастар, М. Жәлел көшелерінің 157 мың шаршы метржол жамылғыларына толықтай жөндеу жұмыстарын жүргізді.
Бейбітшілік даңғылы, Жастар, М. Жәлил көшелерінің және Әуежай жолының 7 922 метртемірбетон ернеу тастары айырбасталды.
«Елді мекендерде жол қауіпсіздігін сақтау» Бюджеттік бағдарламасы бойынша 34 093 мың теңге бөлінген қаржысы 100 % игерілді.
 
 
«Жезқазған қаласы ТКШ.
ЖК мен АЖ бөлімі» ММ
бастығы                                                                                                                                 А. А. Жандарбеков