«Жезқазған қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы,жолаушылар көлігі мен автокөлік жолдары бөлімі» ММ
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Главная Ақпарат Мемлекеттік қызметтің оң бедел-бейнесін(имиджін)қалыптастыру және нығайту
Опубликовано: 14 февраля 2010 . Обновлено: 17 августа 2016

 Мемлекеттік қызметтің оң бедел-бейнесін(имиджін) қалыптастыру және нығайту

     Мемлекеттік қызметшінің іскерлік қатынасы тиімділігінің аса маңызды шарты олардың өз коммуникативтік мүмкіндіктерін, коммуникативтік құзыреттілігінің деңгейін білуі болып табылады. Мемлекеттік қызметке өздеріне сенетін адамдардың жиірек баратыны белгілі, олардың көбісі барлық қатынастарда, соның ішінде іскерлік қатынас саласында да табысты, қабілетті болып саналады. Осы сенімділік көп ретте кәдімгі жаңылысу болып шығады да, мемлекеттік қызметші өзінің коммуникативтік проблемалары туралы біледі. 
     Бүгінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау әралуан басқарушылық міндеттер мен жағдаяттарды шешуде олардан терең шығармашылық білімдер мен белгілі бір машықтық ептерді ғана талап етіп қоймайды, сонымен бірге көпшілікпен араласа білуді, қоғамда өзін ұстай білуді, кеңестер, іскерлік әңгімелесулерді өткізуді, телекамералардың алдында сабырлылықты жоғалтпауды, баспасөз өкілдерімен және дипломатиялық корпуспен қатынас ептерінің болуын да талап етеді. 
     Аталмыш лауазымдық сатыда өзекті құзыреттер жүйе құраушы болып табылады, оларды меңгеру құзыреттілік негізінде оқу процесін құру кезінде басты мақсатты бағдар ретінде қаралады. 
     Мемлекеттік қызметшінің өзекті құзыреттерді меңгеру және оларды жүзеге асыру қабілетіне тыңдаушы сана-сезімінің ерекше құрылымы себепші болады – оның құзыреттілігі білу, түсіну, қызмет амалдарын меңгеру, болжау, әрекет ету, өз іс-әрекеттерін рефлекстеу және өз қызметінің процесінде солар үшін жауапкершілік алу сияқты әмбебап қабілет ретінде көрініс береді. 
     Өзекті құзыреттердің тізбесі жалпы білімнің басты мақсаттары, әлеуметтік тәжірибе мен жеке тәжірибенің құрылымдық көрінісі, сондай-ақ мемлекеттік қызметшіге әлеуметтік тәжірибені меңгеруге, қазіргі заманғы қоғамдағы өмірдің машықтық ептерін алуға және өзгеге беруге мүмкіндік беретін оның қызметінің негізгі түрлері негізінде анықталады. 
     Мемлекеттік қызметшіге іскерлік қатынаста ұсынылатын негізгі талаптар мыналар болып табылады: жайдарылық (адамдармен тез тіл табыса білу қабілеті), елгезектік (өзгенің қуаныш-қайғысын бөлісе білу қабілеті), сезімталдық (басқа адамды түсіне білу қабілеті) және шешендік (сөзбен әсер ете білу қабілеті) сияқты қасиеттер. Бұл қасиеттер «адамдарға ұнай білу» ұғымымен білдірілетін табиғи қабілеттер жиынтығын құрайды. Аталмыш қабілеттерді меңгеру және оларды дамыту үшін ұдайы жаттығулар – жеке бедел-бейнені табысты жасау кепілі. 
     Екінші топқа жеке тұлғаның білімі мен тәрбиесіне байланысты сипаттамалар кіреді. Оларға адамгершілік құндылықтар, жан саулығы және адамдар арасындағы қатынасқа қабілеттілік жатады. 
     Үшінші топқа өмірлік және кәсіби тәжірибемен келетіндерді жатқызу жөн. Егер осы тәжірибе қатынас ахуалына адамның ішкі түйсігін өткірлеп жатса, ерекше құнды. 
     Қайсыбір өзіне өзі сенімділік пен таптаурын тәртіп өзін мойындатуға және өзіне ізгі ниетті қатынасқа мүдделі жеке тұлғаны адамдардың қабылдауына теріс ықпал етеді. Көптеген жағдайларда бедел-бейне – нақты жағдаятта шебер бағдар табу нәтижесі, сондықтан да бұл өз тәртібінің нұсқасын дұрыс таңдау деген сөз. 
     Бүгін біз мемлекеттік қызметтің әлеуметтік институт ретіндегі корпоративтік бедел-бейнесінің қалыптасуының куәгерлері болып отырмыз. Корпоративтік сәйкестікті құрудың басты құрамдас бөлігі ұйымның нақты жұмысы болып табылатыны, соның негізінде корпоративтік сипаттамалардың айқындалатыны да сөзсіз. Мұратына сай мемлекеттік қызметтің бедел-бейнесі жұртшылықтың тілектеріне жауап болуға тиіс. 
     Дербес бедел-бейне әрбір адамға тән және ол әрбір жеке тұлғаның қайталанбас өзгешелігімен байланысты. 
     Осыған байланысты мемлекеттік қызмет жүйесіндегі алда тұрған реформалардың, мемлекеттік қызметшілер арасындағы оң бедел-бейнені қалыптастыру мәртебесін арттырудың өзекті бағыттарын қазірдің өзінде белгілеуге болады: 
     1 Бедел-бейне – саналы құбылыс, ол жеке адам деңгейінде ғана өмір сүрмейді, демек, объект адамдардың қайсыбір (әріптестер, тұтынушылар, клиенттер) тобына белгілі болуға тиіс; 
     2 Жағымды бедел-бейненің нақты мекен-жайы болуға, өзіне қызығушылықты оятуға, әріптестердің белгілі бір топтарын тартуға тиіс; 
     3 Бедел-бейне өзінің мәнісінде белсенді, ол жекелеген адамдардың да, сондай-ақ тұтас топтардың да санасына, сезіміне, іс-әрекетіне ықпал етуге қабілетті; 
     4 Бедел-бейне жалқы рет тапсырылған, қалыптасқан нәрсе емес, ол өзгермелі, оның белгілері өзінің ішіндегі өзгерістерге сәйкес қайта құрылады, түрі өзгереді; 
     5 Бедел-бейне экономикалық, психологиялық, әлеуметтік жағдайларға үн қата отырып, үйлесімді, шұғыл өзгермелі болуға тиіс; 
     6 Бедел-бейне шындыққа ұқсайтын болуға тиіс (іс жүзінде қандай болса, сондай болуға немесе сондай әсер қалдыруға тиіс), кері жағдайда бедел-бейнеге ешкім сенбейді де, ол алға қойған мақсатына жетпейді. 
     
     Мемлекеттік қызметке түсу тәртібі 
     
     Саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметтен өту мәселесі Мемлекеттік қызметтен өткеру тәртібі туралы Ережемен реттеледі. 
     Қазақстан – 2030 Стратегиясының маңызды басымдықтарының бірі – кәсіби үкімет құруды есепке ала отырып, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі өзінің алғашқы іс-әрекетінен бастап негізгі күшін тиісті білімі және қажетті жұмыс тәжірибесі бар, жоғары кәсіби кадрларды мемлекеттік қызметке тарту үшін жағдай туғызуға бағыттады. 
     2000 жылдың қаңтарынан бастап республикада мемлекеттің қызметке жіберілуі біркелкі азаматтардың конституциялық құқығын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін, мемлекеттік органдардағы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурстық іріктеу процесі енгізілді. 
     Конкурстарды ұйымдастыру және өткізу Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу Ережесімен сәйкес жүргізіледі. 
     Конкурстың бірқатар тізбекті кезеңдері бар: 
     • конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялау; 
     • конкурстық комиссияны құру; 
     • белгіленген біліктілік талаптарының сәйкестігіне конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдайды және талдайды; 
     • үміткерлерді тестілеу; 
     • конкурстық комиссияның қорытынды мәжілісі. 
     Ашықтылық пен жариялылықты қамтамасыз ету мақсатында конкурс өткізуші мемлекеттік орган конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялауға міндетті. 
     Жергілікті мемлекеттік органдарда конкурс өткізу туралы хабарландырулар әкімшілік-аумақтық бірлікке сәйкес келетін сол аумақта таралатын мерзімдік баспасөз беттерінде жарияланады. 
     Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азаматтар Ережеде көрсетілген құжаттарды конкурс өткізуші мемлекеттік органға тапсырады, олар конкурстық комиссияда қаралады. 
     Мемлекеттік қызметке орналасу кезінде біркелкі көзқарасты қамтамасыз ету және үміткерлерді конкурстық іріктеу кезінде бұданда кеңірек таңдау үшін жағдай жасау мақсатында Типтік біліктілік талаптарын басшылыққа алады. 
     Конкурс туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күні ішінде конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тиісті мемлекеттік органға хабарландыруда көрсетілген мемлекеттік органның мекен-жайына ұсынады. 
     Ұсынылған құжаттарға талдау жасаудың негізінде конкурстық комиссия конкурсқа қатысушыны тестіден өтуге жіберу туралы шешім қабылдайды. 
     Әр конкурстың шарттарына сәйкес үміткерлер заңдарды білудің міндетті компьютерлік тестісінен өтуге тиісті. 
     Тестілеудің мақсаты үміткерлердің қабылеттілігіне әділ баға беру болып табылады. 
     Әкімшілік мемлекеттік лауазымдардың санаттарына байланысты түрлі тестілеу бағдарламасы қойылуға тиісті. 
     Қазіргі уақытта тестілеу бағдарламасында заңдарды білу, сондай-ақ, қисынды ауызша емес (санаттарына байланысты) сынақ түрлері бар. 
     Тестілеуге қатысуға жіберілген үміткерлер оны белгіленген тәртіппен Агенттікте немесе еліміздің барлық 16 аумақтарындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің аумақтық тестілеу орталықтарында, құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде өтеді. 
     Тестілеудің қашықтық жүйесі Агенттіктің орталық серверіне қосылған компьютерлерде өтеді, бұл тестілеу рәсімдері талаптарының бір ізділігіне және барынша шынайылығына кепілдік береді, конкурстық іріктеудің сапасын бақылауға жағдай туғызады. 
     Тестілерді қолданудың ең жоғары қалыптарын мүлтіксіз ұстану ықтимал мәселелер мен теріс пиғылдардан аулақ болуға және конкурстық іріктеуге қатысушының, жалпы мемлекеттік қызметшілер үшін және әрбір үміткерлер үшін олардың артықшылығын барынша пайдалануға мүмкіндік береді, бұл және барлығы үшін әділдік пен тең мүмкіншілікті қамтамасыз етеді. Тест бойынша алғашқы қадамдары табысты болған үміткерлер конкурстық іріктеудің келесі кезеңі - әңгімелесуге жіберіледі. 
     Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны, тестілеу өткеннен кейін бес жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органда өтеді. 
     Әңгімелесудің мақсаты - үміткерлердің кәсіби және жеке қасиеттеріне баға беру болып табылады. 
     Қорытынды мәжілісте конкурстық комиссия ұсынылған құжаттардың, тестілеу нәтижелерінің және өткізілген әңгімелесудің негізінде әкімшілік мемлекеттік лауазымның бос орнына орналасу үшін үміткерлерді іріктеуді жүзеге асырады. Тек бір ғана үміткер қанағаттанарлық қорытындыға ие бола алады, екінші үздік үміткерді кадр резервіне есепке алу үшін ұсынуы мүмкін. 
     Егер бос лауазымға орналасуға лайықты үміткерлер анықталмаған жағдайда, мемлекеттік орган қайта конкурс жариялай алады. 
     Конкурстық комиссияның қанағаттанарлық қорытындысын алған үміткер әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасу үшін заңда көзделген талаптарды сақтай отырып, конкурсқа шығарылған лауазымға ие болуға құқылы. 
     
     
     Бос орындарды алмастыруға байланысты ақпараттарды алуға болатын байланыс телефондарының нөмірлері 

 

 

р/с

Мемлекеттік мекемелердің атаулары

Байланыс телефондар мен факстар

 
 

1. 

Жезқазған қаласы әкімінің аппараты 

т.735270, ф.773413, 736608

 

2. 

Білім бөлімі

т.733052, ф.735200

 

3. 

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 

т.774019

 

4. 

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі 

т.763594, ф.765662

 

5.

Құрылыс бөлімі 

т.734438, ф.733910

 

6.

ТҚШ, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі

т.737566, ф.773329

 

7.

Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі 

т/ф.774041

 

8

Қаржы бөлімі

т.773448, ф.711009

 

9

Ішкі саясат бөлімі

т.734963, ф.735076

 

10

Жер қатынастары бөлімі 

т.773318, ф.773432

 

11

Дене шынықтыру және спорт бөлімі

т/ф.736493

 

12

Сәулет және қала құрылысы бөлімі 

т.735006, ф.711329

 

13

Кәсіпкерлік бөлімі 

т/ф.712040

 

14

Ауыл шаруашылығы бөлімі 

т.733041, ф.735216

 

15

Кеңгір селосы әкімінің аппараты 

т.922467, ф.922582

 

16

Талап селосы әкімінің аппараты 

т/ф.921447,

 

17

Малшыбай селосы әкімінің аппараты 

т/ф.760043